Бүгін Қарағандыда болған жол апатынан автобустардың бірінің жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 2003 жылы туған қыз бала алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды.
Айта кетейік, 25 қарашада Қарағандыда екі автобус соқтығысты. Оқиға салдарынан №41 автобустың жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, тағы 18 адам ауруханаға жатқызылды.