Ақтау қаласының тұрғынынан 3 миллион теңге мен 41 келі есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 қараша күні сағат 02:30 шамасында 11-шағын аудандағы көпқабатты үйлердің бірінде 40 жастағы күдікті ұсталды.
Тінту барысында есірткі салынған 12 полиэтилен пакет тәркіленді. Одан әрі полицейлер тұрғылықты жерін тінту кезінде марихуана салынған тағы 11 үлкен полиэтилен пакеттерін тапты.
Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 41 келіні құрады. Сондай-ақ, күдіктіден 3 млн 295 мың теңге қаражат тәркіленді.
«Күдікті өз кінәсін мойындады. Аталаған дерек Ақтау қалалық ТЖД-да ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.