25 қараша күні полицияға екі тұрғын жүгінді. Олар 24 қараша сағат 19:30 шамасында кәмелетке толмаған балаларының сабақтан кейін белгісіз бағытта кетіп, үйлеріне оралмағаны туралы хабарлаған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жетісай полициясының жеке құрамы жасөспірімдерді іздеуге бағытталды. Үздіксіз жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары бір тәуліктен кейін Асықата ауылының маңынан жоғалған жасөспірімдерді тапты. Олар туыстарына қайтарылды.
Қазір болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.