• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қараша, 2022

Құтқарушылар жолда қалып қойған жүргізушілерді эвакуациялады

200 рет
көрсетілді

Бүгін «Омбы-Майқапшағай» тас жолында Қаратал ауылына қарай ондаған жүк фургоны қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жүргізушілердің қатты аяз бен ауа райының қолайсыздығына немқұрайды карауы төтенше жағдайға әкеп соқты. 25-ӨСБ құтқарушылары оларға көмекке келді. 16 ауыр жүк жүргізушісінің біріне медициналық көмек қажет болды. Ер адамның қолы аздап үсіп қалған. Ол жақын жердегі медициналық мекемеге жеткізілді», делінген хабарламада.

Ол алғашқы көмек алғаннан кейін үйіне қайтарылды, ауруханаға жатудың қажеті болмады. Қалған жүргізушілерді құтқарушылар Қаратал ауылына «КУНГ» арнайы көлігімен жеткізді. Қазір оларға ешқандай қауіп жоқ, олар қонақүйде.

ШҚО ТЖД бірнеше күн бойы өңірдегі жел, боран және аяз туралы хабар таратқан болатын. Алайда азаматтар елді мекендерден кетіп, қиыншылыққа тап болды. Құтқарушылар тұрғындардан сапарлардан бас тартуды және оларды кейінге қалдыруды сұрады. 

Жолдардың жай-күйі туралы Дармен мобильді қосымшасынан білуге болады. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.