• RUB:
    5
  • USD:
    488.91
  • EUR:
    532.62
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қараша, 2022

Екібастұздағы жылу желілерінің циркуляциясы бұзылған жоқ

277 рет
көрсетілді

Бұл туралы Екібастұздағы жағдай бойынша облыс әкімінің міндетін атқарушысының төрағалығымен өткен жедел штабтың отырысында мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға Энергетика вице-министрі, «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС басшылары, «ОАЭК» АҚ акционерлері мен жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Әбілқайыр Сқақов тараптардың есептерін тыңдап, тапсырмалар берді.«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС Бас директоры Павел Мельничуктың айтуынша, №11 қазандықта қыздыру бөлігінің ақауы анықталған. Қазір үш энергетикалық және екі су жылыту қазандығы жұмыс істейді. Тағы біреуін іске қосуға дайындық жүріп жатыр. Температура 70-тен 42-ге дейін сақталып тұр.- Жылу жүйесінің қалыпты режимін қалпына келтіру және температуралық ауытқулар есебінен жаңа ақауларды тудырмау үшін біз жылу беруді тым жылдамдатпауға тырысамыз. Шамамен кешкі сағат сегіз-тоғыздарда №12 қазандықты іске қосуды жоспарлап отырмыз, - деді Павел Мельничук.Тараптардың ақпараты бойынша, сағат 21:00-де №5А, 5Б, 6 шағын аудандар жылусыз қалады. Мұнда 149 көпқабатты тұрғын үй, 15 әлеуметтік нысан және 12 заңды нысан бар.- Станциядағы жағдайды тұрақты деңгейде ұстап қалдық, барлық қазандықтар жұмыс істеп тұр. Көмір мен мазут бар. ЖЭО-да технологиялық бұзушылықтар жоқ. Барлық мәселе желілерге байланысты болып тұр. Басты күрделі мәселе - орталық магистраль су астында қалды. Суды сорып алу үшін тиісті қызметтер жұмылдырылды, - деді «ОАЭК» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Орал.Облыс әкімінің бірінші орынбасары Олег Круктің айтуынша қалада жылу желілеріндегі су құбырларда сақталып қалды, олар қатып қалған жоқ.- Ақаулар шығу қаупі бар учаскелердің санын азайту және жылу желілерін іске қосу үшін барлық қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Қазір Мәшһүр Жүсіп көшесінде су сору жұмыстары атқарылуда. Суды сорып болған соң, жағдай түзелуі тиіс, - деді Олег Крук.Әбілқайыр Сқақов жағдай тұрақты бақылауда екенін атап өтіп, жылудан ажыратылған үйлердің тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін жеке мобильді топтар құруды тапсырды.Біз қаланың жылу желілерінің циркуляциясын сақтап қалдық. Жағдай тұрақты. Қаланың жылу жүйесі бұзылған жоқ. Мен нысандарды аралап шықтым, ондағы температура режимі оңтайлы. Орталықтағы бірнеше шағын аудан жылусыз тұр. Сондықтан біздің басты міндетіміз — ақаулардың орнын анықтап, оларды жою үшін жедел бригадаларды жіберу, - деді облыс әкімінің міндетін атқарушы. - Бәрін тез арада түзетіп, ақауларды жою керек, ол үшін қажетті жөндеу бригадалары бар.Қазір Энергетика министрлігінің энергетикалық бақылау комитеті тексеріс бастады. ЖЭО-да төрт резервті қазандық бар, олардың біреуі жағылып жатыр, жылу желісінің температурасы көтеріліп келеді.Жедел штабтың отырысына дейін Әбілқайыр Сқақов апатты жылу желілерін, өңірлік қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау өңірлік орталығын, Екібастұз қалалық ауруханасын, №6 орта мектепті және көпқабатты тұрғын үйлерді аралап шықты. 76 бала Екібастұздан Павлодарға көшірілді, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының 36 тәрбиеленушісі бар. Сондай-ақ психикалық денсаулық орталығының 26 пациенті үш дәрігермен бірге облыс орталығына орналастырылды. Жеті бала ата-анасымен бірге емдеуді жалғастыру үшін санитарлық көлікпен облыс орталығына жеткізілді.Облыс әкімінің міндетін атқарушы өз орынбасарларымен, бейінді басқармалардың басшыларымен, Екібастұз қаласының әкімімен бірге таңертеңнен бері ТЖ орнына келіп, жағдайды жеке бақылауына алды.