• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Теннис 28 Қараша, 2022

Михаил Кукушкин Италиядағы жарыстың финалында жеңіліп қалды

107 рет
көрсетілді

Әлемнің 223-ракеткасы, қазақстандық Михаил Кукушкин Италиядағы Андрия челленджер турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кейінгі бәсекеде қазақстандық теннисші әлемнің 197-ракеткасы, швейцариялық Леандро Рейдльмен кортқа шықты.

Тартысты өрбіген бірінші партияда 20 жастағы швейцариялық спортшы тай-брейкте әбжілдік танытты. Есеп – 7:6 (7:4). Ол екінші сетте де 2:0 есебімен алға озып, сол басымдығын сақтап қалды. Есеп – 6:3.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсекеде Кукушкин 6 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланған.