• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Пікір 29 Қараша, 2022

Нақты іске бағытталған

152 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рә­сі­міне 3 мыңға жуық адам ел өңірлерінен келіп қа­тыс­ты. Бұл өте маңызды, өйткені адамның шені мен шек­пеніне қарай бөлу болған жоқ. Қарапайым адам ұлықтау рәсімінің қалай өтетініне куә болды. Еш­қандай пафоссыз-ақ бұл рәсімнің динамикасы жо­ғары, демократиялық қарым-қатынасқа негізделген.

Президенттің сөйлеген сөзі әсерлі болды, қатысушы­лардың барлығын, экран сыртында қарап отырған халық­ты толғандырды деп санаймын. Қасым-Жомарт Тоқаев елді толғандырған негізгі мәселені дөп басып айтты. Сай­лауалды бағдарламасында көрсетілген басымдық­тар­дың барлығы міндетті түрде орындалатынын сеніммен жет­кізді. Әсіресе сыртқа кеткен қаржының қайтары­латынын, осыған байланысты үлкен жұмыс атқарыла­тыны көптің көңілінен шықты. Өйткені ол – халық қаржысы.

Өткен ұлықтаулармен салыстырар болсақ, бұл жолғы салтанатты іс-шара өте қарапайым, демократиялық сипатта өтті, сондай-ақ қарапайым халық өкілдерінің шақырылғаны қуантты. Президенттің ұстанымы секілді мәдениетті, шынайы, көпсөзділіктен гөрі іске негізделген кездесу болды. Ант қабылдау сәті де ерекше толқытты. Рәсімнен соң барлығымыз бір-бірімізбен пікір алмасуға да уақыт таптық. Қатысушылар ерекше әсерде, көңіл күйде болғанын көрдім. Ең бастысы, еліміз тыныш болып, Мемлекет басшысының алға қойған мақсаттары, халық алдындағы уәделері орындалатын күн бұйырсын деймін.

 

Белла ГАЗДИЕВА,

Ұлттық құрылтай мүшесі,

Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Ақмола облысы филиалының директоры