Үндістанда жолаушылар пойызы қағып кеткен үш бала оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар 7 және 11 жас аралығында болған. Қайғылы оқиға темір жол бойында қараусыз ойнап жүрген кезде болған.
Штат полициясы балалардың қауіпті аймақта неліктен ата-анасының бақылауынсыз жүргенін тергеп жатыр.