Мемлекет басшысы Францияға ресми сапары аясында Француз халықаралық қатынастар институтының президенті әрі негізін қалаушы Тьерри де Монбриальмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропаның ең ықпалды сараптама орталықтарының бірі саналатын Француз халықаралық қатынастар институтының (IFRI) беделі туралы хабардар екенін, ал Тьерри де Монбриальді белгілі саясаттанушы ғалым ретінде білетінін атап өтті. Әңгімелесу барысында олар өзекті геосаяси мәселелер мен әлемдегі процестердің даму перспективалары жөнінде пікір алмасты.