Түркияның солтүстігіндегі Бартин провинциясында автобус аударылып, 40 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жолаушылар автобусы Ризе қаласынан Зонгулдакқа бара жатқан. Жол-көлік оқиғасы Бартын-Зонгулдак тас жолында болған.
Зардап шеккендер Бартын мемлекеттік ауруханасына жеткізілді.
Тәртіп сақшылары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.