• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Үкімет 30 Қараша, 2022

Үкімет басшысы «АрселорМиттал Теміртау» басшылығына талап қойды

187 рет
көрсетілді

Бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының ТМД бойынша вице-президенті Виджай Гоялмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Әлихан Смайылов комбинат жұмысының тұрақтылығын, кеншілердің жұмыспен қамтылуын және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті.

Өз кезегінде Виджай Гоял барлық талаптарды орындауға дайын екенін мәлімдеді.

Кәсіпорынның одан әрі жұмысы бойынша келіссөздер жақын арада жалғасады.