• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 01 Желтоқсан, 2022

Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі қызметіне қайта тағайындалды

579 рет
көрсетілді

Бұл туралы Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды», деп жазылған хабарламада.

Мұрат Әйтенов 1981 жылы туған. Білімі жоғары, мамандығы бойынша «Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы» және заңтану. Еңбек жолын Астана қаласында 2004 жылы ҚР Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.

2006-2008 ж – ҚР ПІБ «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі.

2008-2010 ж – ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы.

2010-2012 ж – ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2012-2013 ж – ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі.

2013-2016 ж - ҚР Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы.

2016-2019 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары қызметін атқарса, 2019 жылдың желтоқсанынан бастап бүгінге дейін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болған.

2020 жылдың қаңтарынан бері Шымкент қаласының әкімі болып қызмет етуде.