• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Желтоқсан, 2022

Қызметкерлерге кеңседе телефон зарядтауға тыйым салынады

1195 рет
көрсетілді

Польшада қызметкерлерге кеңселерде телефондарын зарядтауға тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Польша билігі 1 желтоқсаннан бастап электр энергиясын тұтынуды 10%-ға төмендетуге міндетті болғандықтан, бұдан былай елдегі кеңселерде бірнеше шектеулер болады. Мысалы, телефондарды зарядтау үшін немесе бөлмелерді +19°C-тан жоғары жылыту үшін тыйым салынады. 

«Қызметкерлерге ұялы телефондарды зарядтауға тыйым салу, тоңазытқыштар мен электр шәйнектер санын азайту немесе жұмыс уақытынан кейін кеңселерді тазалауды шектеу жергілікті биліктің электр қуатын  үнемдеу әдістеріне жатады», делінген БАҚ-тағы хабарламада. 

Егер аталған талаптарға мойынсұнбаған шенеуніктер анықталса, 4500 долларға дейін айыппұл арқалайды.