• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Желтоқсан, 2022

Танымал велошабандоз қаза тапты

224 рет
көрсетілді

Италиялық велошабандоз Давид Ребеллин жүк көлігімен соқтығысып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға Виченца маңындағы жаттығу кезінде болған. Жүк көлігінің жүргізушісі қашып кеткен. Полиция тергеуді бастап, оның кім екенін анықтап жатыр.

Ребеллин 51 жаста болған. Велошабандоз бұл спортпен 30 жыл айналысқан. Ол - ең мықты классикалық спортшылардың бірі. 

Айта кетейік, 2009 жылы сәуірде ол Пекин Олимпиадасында допинг қолданғаны үшін екі жылға спорттан шеттетілген еді.