• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Желтоқсан, 2022

Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларын ұзартты

249 рет
көрсетілді

Ұлыбритания Ресейге қарсы санкциялар тізіміне 22 жаңа позиция қосты. Бұл туралы сәрсенбіде корольдіктің Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Аталған ел Ресей облыстарының барлық әскери комиссарларына санкция салды. Сонымен қатар Ресей Федерациясы Премьер-министрінің орынбасары мен Индустрия және сауда министрлігінің басшысы Денис Мантуровқа, сондай-ақ Федералдық қылмыстық атқару қызметінің директоры Аркадий Гостевке қатысты шектеулер енгізілді. 

Мұндай санкциялардың Ресей Орталық сайлау комиссиясының басшысы Элла Памфилова мен бірқатар облыс губернаторына да қатысы бар. Олардың қатарында Ростов облысының басшысы Василий Голубев, Омбы облысының басшысы Александр Бурков, Мурманск облысының губернаторы Андрей Чибис және Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков бар. 

Осындай санкцияларға Дағыстан басшысы Сергей Меликов, Магадан облысының губернаторы, Сергей Носов, Архангельск облысының басшысы Александр Цыбульский, Қалмақстан басшысы Бату Хасиков және Краснодар аймағының басшысы Вениамин Кондратьев те іліккен.