• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 01 Желтоқсан, 2022

Доллар бағамы төмендеді

256 рет
көрсетілді

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 468,45 теңгені құрап, тағы 0,45 теңгеге төмендегенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, Ресей рублінің орташа өлшенген бағамы 7,69 теңгені құрады.

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы көтеріліп, 66,40 теңге (+0,83) болды.

Еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 485,64 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды - 467,5-472 теңгеден, еуроны - 487-493,5 теңгеден, ресей рублін - 7,32-7,47 теңгеден сатып алады/сатады.

Сонымен қатар 1 желтоқсандағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы аздап төмендеді.

Мәселен, Brent маркалы ақпан фьючерстері 0,32%-ға арзандап, барреліне 86,69 долларды құрады.

Қаңтар WTI фьючерстерінің бағасы 0,27%-ға төмендеп, барреліне 80,33 долларға жетті.