• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 01 Желтоқсан, 2022

Желтоқсан айында ауа райы қандай болады?

453 рет
көрсетілді

Желтоқсан айында ауа температурасы төмендей береді, қар мөлшері артады, деп хабрлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Таяу күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, қар, жаяу бұрқасын, желдің 15-25 м/с дейін күшеюі, еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында қатты қар, тұман, көктайғақ күтіледі. Республиканың батысы мен қиыр солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады», делінген Қазгидромет хабарламасында.

Содан кейін Салехард аудандарынан арктикалық суықтың тағы бір бөлігімен ауа температурасы төмендейді:

- еліміздің батысында түнде -13-23°C дейін, күндіз -5-15°C дейін;

- солтүстікте және орталықта түнде -25-33°C дейін, күндіз -12-25°C дейін;

- шығыста түнде -25-37°C дейін, күндіз -17-23°C дейін;

- оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде -10-22°С дейін, күндіз -3-13°С дейін.

Бірінші онкүндіктің соңында Скандинавия аудандарынан циклон тұрақсыз ауа райын тудырады, ҚР солтүстік-батыс өңірлерінде, содан кейін елдің қалған аумағында аяздың әлсіреуіне әкеледі.

Болжам бойынша 2022 жылғы желтоқсанның екінші және үшінші онкүндіктерінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының жиі өзгеруі күтіледі. Аязды күндер жылы күндермен алмасып отырады, сонымен бірге қармен, бұрқасынмен және екпінді желмен күтіледі, ҚР-ның оңтүстік жартысында жауын-шашын көбіне жаңбыр және жылбысқы қар түрінде болады. Сондай-ақ көктайғақ құбылыстары мен тұман жиі байқалады. 

Бір ай ішінде циклондық белсенділіктің әсерінен бірнеше қарқынды жылу толқындары күтіледі, ал солтүстік-батыс антициклондардың енуі кезінде бірнеше суық толқындар болжанады. Осылайша, желтоқсан айында ауа температурасының ауытқуы жиі байқалуы күтіледі:

ҚР солтүстік жартысында түнде -25-35°С-тан -5-13°С-қа дейін, күндіз -15-25°С-тан  0 -5°С-қа дейін.

ҚР оңтүстік жартысында түнде -17-23°С-тан -5+2°С-қа дейін, күндіз -5-10°С-тан +3+10°С-қа дейін.

Жалпы, болжам бойынша желтоқсан айында республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы норма шамасында, республиканың қиыр батысында, солтүстігінде нормадан 1° жоғары болады деп күтілуде.

Желтоқсан айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде - нормадан көп, еліміздің шығыс бөлігінің басым аймағында, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста норма шамасында болады деп болжануда.