• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Желтоқсан, 2022

Қызылордада көктайғақ салдарынан 30 жол апаты болды

282 рет
көрсетілді

Қызылордада ауа райының қолайсыздығынан 30 жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға салдарынан үш адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүргізушілерге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы «Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң адам денсаулығына зиян келтiруiне, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң зақымдануына әкеп соққан жол қозғалысы ережелерiн бұзуы» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Қалада жол бойына 14 арнайы техника жұмылдырылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.

«Өңір тұрғындарын жолдарда абай болуды және жылдамдықты сақтауды, қозғалыс кезінде көліктер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтауды және жолдардағы оқыс оқиғалардың алдын алу үшін көліктерді қысқы доңғалақтармен міндетті түрде жабдықтауды сұраймыз», деді Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Әбдібек Жаназаров.