Әскери білім және ғылым департаменті «Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрығының жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жоба «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 31 қазандағы Білім және ғылым министрінің бұйрығы мен 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» ҚР заңының нормаларына сәйкес әзірленді.
Құжатта «Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.
Нормативтік құқықтық акт әскери оқу орындарының білім беру қызметінің ұйымдық-құқықтық рәсімдерін жетілдіруге және әскери қызмет өткеруге уәждемені арттыруға бағытталған.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 14 желтоқсанына дейін танысуға болады.