• RUB:
    4.94
  • USD:
    443.16
  • EUR:
    480.39
Басты сайтқа өту
Ауа райы 01 Желтоқсан, 2022

Еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

168 рет
көрсетілді

Синоптиктер Қазақстанның 9 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Алматының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында баяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Шығыста, Жетісу облысының таулы аймақтарына тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қарағанды ​​облысының оңтүстігінде, шығысында баяу бұрқасын болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында тұманды ауа райы болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында баяу бұрқасын күтіледі.