• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Коронавирус 02 Желтоқсан, 2022

Коронавирустың «Цербер» штамы тез жұғады

381 рет
көрсетілді

Қазақстанда толық геномдық секвенирлеу нәтижесінде коронавирустық инфекцияның «Омикрон» штаммы вирусының айналымы анықталып, оның 0,5%-да «Цербер» субгенетикалық желісі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«SARS-CoV-2 вирусының генетикалық сипаттамасын толық геномдық секвенирлеу әдісімен анықтау кезінде осы жылдың қараша айында Омикрон нұсқасының айналымы анықталды, оның 0,5%-да BQ.1.1  субгенетикалық желісі («Цербер») табылды, 99,5%-да - Омикрон штаммының басқа нұсқалары анықталды», делінген ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиялық бақылау комитетінің хабарламасында.

Қазір мутацияланған «Цербер» 65-тен астам елде, соның ішінде Ресей Федерациясында, АҚШ-та, Еуропа елдерінде анықталды.

«Жаңа «Цербер» штаммының белгілері омикронның бұрынғы кіші түрлерінен айтарлықтай ерекшеленбейді. Ауру көбінесе жіті респираторлық аурудың жеңіл түрінде болады. Қызудың көтерілуі, буын ауруы, аздап мұрыннан су ағу, әлсіздік болуы мүмкін, кейбіреулерінде ішек аурулары болады. Штамм тез жұғуымен ерекшеленеді, алайда аса қауіпті емес», деп ескертті комитет.

Науқастарды диагностикалау және емдеу басқа COVID-19 штамдарынан ерекшеленбейді. Инфекциядан қорғаудың тәсілі – COVID-19-ға қарсы вакцинация мен ревакцинацияның аяқталған курсы.

SARS-CoV-2 вирусын анықтау және мониторингілеу жұмысы жалғасады.