• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 02 Желтоқсан, 2022

Қазақстанда шектеу шаралары енгізіле ме?

296 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният көршілес Қытайда коронавирустың таралуына байланысты Қазақстанда  ковидтік шектеулер енгізіле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ковидтік шектеулер бойынша бүгінгі жағдай Қытай мен Қазақстанда айтарлықтай ерекшеленеді. Пандемия басталғаннан бері Қытайда өте қатаң шектеулер енгізілді. Осылайша, олар инфекцияны локализациялап, шектеді», деп түсіндірді Ажар Ғиният Парламент Сенатындағы үкіметтік сағаттан кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

«Қазақстанда 10 миллионнан астам халық вакцинациядан өткенін, бес миллионнан астам адам ұжымдық иммунитетке ие болып, ревакцинацияланғанын ескерсек, ешқандай шектеу шаралары жоспарланбайды», деді министр.