• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 02 Желтоқсан, 2022

Маңғыстау облысының әкімі тағайындалды

449 рет
көрсетілді

Бұл туралы Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымына тағайындалды», деп жазылған хабарламада.

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев 1967 жылы туған. Білімі жоғары, И.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Ресей Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Халықаралық қатынастар университеті» Мәскеу мемлекеттік институтын тау-кен инженері, экономист, халықаралық қатынастар маманы, әкімшілік іскерлік жөніндегі шебер мамандықтары бойынша бітіріп шыққан.

Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастаған.

1993-1995 жылдары Мәскеу қаласындағы «Гили-Паскер» ЖШС-де мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, бөлім бастығы, бас директор;

1995-1996 жылдары Алматы қаласындағы «Отрар ЛТД» шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары;

1996-2006 жылдары «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-да инженер, бас директоры;

2006 жылдың ақпан айынан тамыз айына дейін «ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы» АҚ-ның атқарушы директоры;

2006 жылы Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып істеген;

2007 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың сәуір айына дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтарына дейін облыс әкімінің бірінші орынбасары.

2012 жылдың 20 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

2016 жылдың 26 наурызынан Атырау облысының әкімі.

2019 жылдың 18 желтоқсанынан 2021 жылға дейін Энергетика министрі;

2021 жылдың қыркүйегінен бері Маңғыстау облысының әкімі болып еңбек еткен. Бүгін ол осы лауазымға қайта тағайындалды.