• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Желтоқсан, 2022

QazaqGaz директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

269 рет
көрсетілді

«QazaqGaz» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің құрамына Анатолы Тегісбаев пен Әнуар Битанов кірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Анатолы Тегісбаев – еліміздің газ өнеркәсібінің ардагері, саланың дамуына ұзақ жылдар бойы еңбек сіңірген азамат.  Ол мұнай-газ кешенінің бастауында тұрды, салада 40 жылдық тәжірибесі бар. Білімі мен біліктілігінің арқасында участок шеберінен бас инженерге дейін көтерілді. Түрлі жылдары «Қарашығанақгазпром» АҚ, «Қазбургаз» ААҚ, «Қарашығанақ ҚМГ» ЖШС және т.б басшылық қызметте болды. 2022 жылдан бері Анатолы Тегісбаев QazaqGaz сарапшылар кеңесінің төрағасы ретінде газ саласын реформалауға белсене атсалысуда. 

Әнуар Битанов - Лондон бизнес мектебі МВА бағдарламасының түлегі және Стэнфорд университетінің мұнай инженериясы магистрі. Мұнай-газ саласында көп жылдық тәжірибесі бар  (AGIPKCO, KAZAKHOIL AKTOBE LLP, BIG SKY ENERGY CORPORATION, ROXI PETROLEUM). 2012 жылдан бастап, мұнай-газ жобаларының менеджері, содан соң McKinsey & Company халықаралық консалтингтік компаниясында серіктес ретінде жұмыс істеді. АҚШ, Германия, Колумбия, Мексика және тағы басқа елдерде ауқымды жобаларды жүзеге асырған. Әнуардың табиғи ресурстар саласына консалтинг жасау бойынша мол тәжірибесі бар.