• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Желтоқсан, 2022

Семей тұрғынынан заңсыз айналымдағы алкоголь өнімі тәркіленді

264 рет
көрсетілді

Абай облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері алкоголь өнімдерін сататын астыртын цехты жойды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

Контрафактілік алкогольді 57 жастағы Семей тұрғыны үй-жайындағы жертөлесіне жинақтап, қолмен құю цехының желісін жабдықтаған.

Полицейлер әртүрлі көлемдегі 12 канистрден 1500 литрден астам алкогольді тәркіледі. Тәркіленген алкогольдің жалпы құны 2,5 миллион теңгеден асады. Заңсыз өнімдердің үлгілері физика-химиялық сараптамаға жіберілді.

«Бұл факт Абай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тіркеліп, жіберілді», деді Абай облысы ПД ҰҚҚІҚБ бастығының орынбасары Асет Шахантаев.