• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Бизнес 06 Желтоқсан, 2022

Кәсіпкерлерді балық өнімдерін өңдеуге ынталандыру керек - Смайылов

207 рет
көрсетілді

Бұған өткен жылы қабылданған Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы айтарлықтай серпін берген, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, балық экспорты 13%-ке ұлғайды, оның ішінде Еуропа елдері де бар. Жалпы, қолдан өсірілген және ауланған балық өндірісі биылғы жылдың 10 айында шамамен 57 мың тонна болды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 12%-ке жоғары.

«Дегенмен біз әлі күнге дейін өз нарығымызды отандық балықпен толық қамтамасыз ете алмай келеміз. Импорттың үлесі әлі де жоғары. Кейбір өңірлер бағдарламадағы жоспарлы көрсеткіштерді қамтамасыз ете алмай отыр. Балық өсіру көрсеткіші ең төмен өңірдің ішінде Атырау облысы да бар. Сонымен қатар Қарағанды, Алматы және Павлодар облыстарында да балық өндірісі төмен. Аталған өңір әкімдіктері жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты күшейтіп, бизнестің бастамаларына қолдау көрсетуі қажет. Сондай-ақ кәсіпкерлерді балық өнімдерін терең өңдеуге ынталандыру керек. Тиісті мемлекеттік қолдау шаралары акваөсіру жөніндегі заң жобасы шеңберінде ескерілуі тиіс. Табиғи су қоймаларындағы балық қорының көбеюіне де назар аудару керек», деді Әлихан Смайылов.