3 желтоқсан күні Қызылорда қаласы ПБ «102» арнасына мұз астында белгісіз адамның мәйіті жатқаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған дерек қалалық полицияның сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелген.
«Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында ер азаматтың мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалды», деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада. Алдын ала мәліметтер бойынша, оның денесінде өлім себебін сипаттайтын белгілер жоқ.