Өткен бір тәулікте 175 адамнан коронавирус, 10 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
7 желтоқсандағы мәлімет бойынша, қазір ел өңірлерінде коронавирустан – 1 255 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан – 192 (КВИ-), барлығы 1 447 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде 203 пациент стационарда, 1 244 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
– 6 адамның жағдайы ауыр,– 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,– 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды.