• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Желтоқсан, 2022

Ұлытауда балаларға арналған қайырымдылық спорт залы ашылды

363 рет
көрсетілді

Ұлытау облысының Жезді және Талап ауылдарында балаларға арналған қайырымдылық спорт залдары ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Залдар «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «24 балалар спорт залы» қайырымдылық жобасы аясында жарақтандырылды. 

Екі зал орта мектептердің ғимаратында ашылды. Осыған дейін ауылдарда спортпен айналысу үшін қажетті заманауи орын болмады. Енді жергілікті балалар «қазақша күрес», бокс сынды секцияларына тұрақты қатысуына мүмкіндік алды. 

«Залда барлық қажетті спорт құралдары бар. Бізге арнайы форма берілді. Мен бірінші рет қатысып жатырмын. Қуаныштымын! Жездіден шыққан балалар чемпион болады», дейді Жезді ауылындағы орта мектеп оқушысы Нияз Қанатбек. 

«Қазақстан халқына» қоры бағдарламаны серіктесі «Батыр боламын!» қоғамдық қорымен іске асыруда. 

«Ауыл – еліміздің алтын бесігі. Сондықтан ауылды жерде балалар үшін спортпен шұғылдануға жағдай жасау, адамгершілік тәрбиені қалыптастыру маңызды. Сонымен қатар біз жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру мақсатында оқыту және тәжірибе алмасу жүргізуді мақсат етіп отырмыз», деп атап өтті ашылу салтанатында «Батыр боламын!» қоғамдық қорының вице-президенті Ернұр Сабыкенұлы. 

«Қазақстан халқына» қорының жүзеге асырып жатқан «24 балалар спорт залы» жобасының мақсаты – еліміздің шалғайдағы елді мекендерінде немесе спортқа қолжетімділік деңгейі төмен ауылдық жерлерде балалар спортының қолжетімділігін арттыру. Жобаның мақсатты аудиториясы – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ даму ерекшелігі (инклюзивтілігі) бар балалар.   

Айта кетейік, 24 залды ашуға арналған қайырымдылық бағдарламасының бюджеті – 183 623 000 теңге. Бүгінгі таңда еліміз бойынша 11 зал ашылған.