Астаналықтар осы аптада Тәуелсіздік күні қарсаңында 30-дан аса мерекелік іс-шараны тамашалай алады.
Атап айқанда, 11 желтоқсан күні сағат 17.00-де Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясында «Ave MARIA» аспаптық және вокалдық, камералық музыка концерті өтеді. «Жастар» сарайында 8 және 9 желтоқсанда сағат 20.00-де «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің қатысуымен «2000 Hits» концерттік бағдарламасы ұйымдастырылады. 10 желтоқсанда осы ғимаратта «Билеп өмір сүр» атты балалар хореографиялық байқауы өтеді.
10 және 11 желтоқсанда елордалық цирк ағайынды Гертнердің «DER ELEFANT» неміс циркінің бағдарламасына шақырады. Қойылымның басталуы – сағат 16.00-де.
Сәкен Сейфуллин мұражайында осы аптада Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» көрмесі өтіп жатыр. Сонымен қатар аталған мұражайдан 9-13 желтоқсан аралығында жазушы Әзілхан Нұршайықтың 100 жылдығына арналған «Әзілхан Нұршайықтың әлемі» көрмесін тамашалауға болады.
10 желтоқсанда М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры жас астаналықтарды М.Бартеневтің «Ақшақар» ертегісіне шақырады. Ал кешке сағат 18.00-де Р.Баэрдің «Аралас сезім» мелодрамасын қояды. 9-11 желтоқсан аралығында елордалық қуыршақ театрында Г.Х.Андерсеннің өзіне аттас ертегісі негізінде А.Салаеваның «Тағы да кішкентай су перісі туралы» қойылымы көрсетіледі. «Жастар» театры бұл аптаны премьерадан бастайды: 8 желтоқсанда Л.Егембердиеваның «Мұң» мелодрамасымен өнер көрсетеді. Ал 11 желтоқсанда «Алғашқы махаббат» комедиясын көрсетеді.