Taza.kz
Сәндібек АСАНӘЛІ
Сәндібек АСАНӘЛІ«Egemen Qazaqstan»
517 материал табылды

Жұмыс • 11 Маусым, 2026

150 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

Мемлекет халықты жұмыспен қамтуға, кәсіпкерлікті дамытып, азаматтардың еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды меңгеруіне көмектесетін кешенді іс-шараларды үзбей жалғастырып келеді. Ресми деректерге үңілсек, жыл басынан бері 101,3 мың адам жұмыспен қамту іс-шараларына тартылса, жалпы 140,8 мың адам жұмысқа орналасқан.

Қоғам • 10 Маусым, 2026

Кедергісіз орта: Нәтиже мен нақты қадам

Мүгедектігі бар адамдарды қолдау, оларға қолжетімді орта қалыптастыру – мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі. Сондықтан мүмкіндігі шектеу­лі азаматтар құқықтық, әлеуметтік қолдаудан құр қалмаса, қоғамдық орындарға қысылмай, емін-еркін, біреудің демеуінсіз кіріп-шықса онда бұл мемлекеттің ғана емес, тұтас қоғамның жеңісі деп айтуға болады.

Қоғам • 03 Маусым, 2026

Агломерация: Тіршілігі түзу тірек ауылдар

Кейінгі он бес жылда еліміздегі ішкі көші-қон бағыты түбегейлі өзгеріп, ­ауылдан қалаға ағылған халықтың үлесі айтарлықтай артты. Соның әсерінен шағын елді мекендердің саны қысқарып, керісінше, іріленген ауылдар көбейе түсті. Сарапшылар мұны урбанизация үдерісінің заңды көрінісі деп бағалайды. Ішкі көші-қондағы осындай өзгеріске алыс ауылдардың дайындығы қалай? Біз осы мәселенің астарына үңіліп көрдік.

Медицина • 12 Мамыр, 2026

Qalqan: Жаңа технология МӘМС-ті қалай өзгертеді?

Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды жетілдіруге бағытталған жүйелі өзгерістер кезеңі басталды. Осы үдерістің негізгі тетіктерінің бірі – Qalqan бірыңғай цифрлық платформасы. Ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жаңа кезеңі ретінде қарастырылып отырған «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізін қалыптастырады, деп жазады Egemen.kz.

Медицина • 17 Сәуір, 2026

Нейрохирургия: бүгіні мен болашағы

Жыл сайын сәуір айында Дүниежүзілік нейрохирургтер күні аталып өтеді. Кәсіби мереке нейрохирургияның негізін қалаушылардың бірі, америкалық ғалым Харви Уильямс Кушингтің құрметіне белгіленген. Ол – мидағы ісіктерді хирургиялық емдеудің заманауи әдістерін дамытып, нейрохирургияны дербес сала ретінде қалыптастыруға үлес қосқан тұлға. Содан бері ғасырға жуық уақыт өтіп, нейрохирургия дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.

Бағдарламалар • 07 Сәуір, 2026

Жастарды жігерлендірген бағдарлама

Астана, Алматы, Шымкент сынды ірі қалаларға қоныс аударған жас­тардың бірден жоғары жа­л­ақы ұсынатын жұмыс тауып, орнығып кетуі екіталай. Тұрақты жұмысы болса да, тапқаны жал­даған пәтерінен артылмайтын жастарға, жас отбасыларға мемлекет қажетінше қолдау көрсетіп келеді. Соның бірі – 2019 жылы іске қосылған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы. Талай жастың арманына қанат бай­лаған бағдарлама осы аралықта міндетін толық орындады деп айтуға болады.

«Таза Қазақстан» • 03 Сәуір, 2026

«Елорда тазалығы – бәрімізге ортақ жауапкершілік»

Астананың ажары мен тұрғындар өмірінің сапасы қала тазалығымен тікелей байланысты. Қарқынды дамып келе жатқан мегаполисте санитарлық жағдайды сақтау – жүйелі әрі үздіксіз еңбекті талап етеді. Осы маңызды саладағы жұмыстың барысы, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы «Астана Тазалық» ЖШС-ның бас директоры Замир Сағыновпен әңгімелестік.

Қоғам • 03 Сәуір, 2026

Суды үнемдеуге тиянақты көзқарас керек

Су ресурстары және ирригация министрлігі Ғылым және жо­ға­ры білім министрлігімен бірлесіп «Суды үнемде – бола­шақ­ты сақта!» тақырыбында экологиялық сағат ұйым­дастырды. Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлт­тық уни­верситетінде өткен басқосуда студенттер та­биғатты қор­ғауға, суды сақтауға қатысты ұсыныстарға ерекше ықы­лас танытты.

Өндіріс • 02 Сәуір, 2026

Қалдықты қайта өңдейтін кәсіпорын

Ресми деректерге үңілсек, жыл сайын еліміздің әр аймағынан 5 млн тоннадан астам қоқыс шығарылса, соның шамамен 1 миллионы сұрыпталады екен. Сұрыптаудан өтпеген басқа қоқыс түгел арнайы полигонға көміледі. Тұрмыстық қалдықтарды жинау, қайта өңдеп, кәдеге жарату туралы тапсырманы әкімдіктер қолдағанымен, шаруаны үйлестіру, салаға инвестиция тарту оңай шаруа емес. Жуырда қауіпті-қауіпсіз қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеумен айналысатын «НТП Kazecotech» ЖШС жұмысымен арнайы танысып қайттық.

Яндекс.Метрика