Сәндібек АСАНӘЛІ
Сәндібек АСАНӘЛІ«Egemen Qazaqstan»
379 материал табылды

Маман • 29 Наурыз, 2025

Гамма-пышақтың «тілін» меңгерген маман

Нейрохирургия – медицинаның ми, жұлын, омыртқа ауруларын емдейтін бағыты. Дамыған медицина бас жарақатын, ісікті, мидың функционалдық ауруларын, қан тамырларының патологиясын, эпилепсиямен қоса паразитарлы инфекцияларды емдеп жазуға қауқарлы. Саладағы жаңалықтардың бірі ретінде мүмкіндігі мол гамма-пышақ радиохирургия кешенін айтсақ болады. Жаңа технология болған соң, оны екінің бірі пайдалана алмайды. Нейрохирург Зада Айтмұқанбетқызы дәл осы қондырғының тілін білетін дәрігер.

Жұмыс • 27 Наурыз, 2025

Ниет болса, кәсіп табылады

Елімізде кәсіптік-техникалық білім беретін 772 ұйым бар, онда ­565 мың­­ студент оқиды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды даярлауға басымдық беру керегін айтты. Өйткені олардың ертең-ақ оқуын тәмамдайтынын ескерсек, түлектер жұмыссыздардың емес, жұмысшы мамандық иелерінің қатарын толықтыруға тиіс. Сонда еңбек нарығында жұмысшыға тапшылық болмайды.

Жоба • 15 Наурыз, 2025

Жастарға мүмкіндік берген бағдарлама

Ірі қалаларда тұратын, тұрақты жұмысы болғанымен тапқаны пәтерақысы, күнкөрісінен артылмайтын, баспаналы болуға жағдайы келмейтін жас мамандарға, жас отбасыларға қосымша жағдай жасау мақсатында осыдан бес жыл бұрын сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы іске қосылған еді. Содан бері мемлекеттің ұсынған мүмкіндігін сәтті пайдаланған ізденімпаз жастар алғашқы жарнасын жиып, тиімді бағдарламамен үйлі болды.

Медицина • 07 Наурыз, 2025

Жүзінші жүрек трансплантациясы

Донорлық жүректі трансплантациялау бойынша 100-операция сәтті өтті. Айтулы оқиға қарсаңында өткен форумда сала жетекшілері донорлықтағы өзекті мәселелерді, трансплантологияның даму келешегін талқылады.

Жұмысшы мамандықтар жылы • 07 Наурыз, 2025

Арқалағаны – алғыс, еңбегі – ерен

Ми қайнатар ыстыққа, сүйе­гің­нен өтетін сарышұнақ аязға қарамай, тынбай еңбектеніп жата­тын құрылысшыға қандай құр­мет көрсетсең де жарасады. Арқалағаны – алғыс, еңбегі ерен бұл мамандардың жұмыссыз қал­ған кезі жоқ-ау, сірә. Өйткені құрылыс тоқтамайды. Тіпті алдағы бес жылда сантехник, құбыр жөндеуші, дәнекерлеуші, бригадир, сылақшы, құрылысшы-монтажшы, кран машинистері сынды мамандарға сұраныс арта түседі дейді мамандар. Редакция тапсырмасымен жақында Астанадағы қыз-қыз қайнаған құрылыс алаңдарының біріне бардық. Жұмыс барысымен танысып, кезінде құрылысшылардың әлеуметтік жағдайына, еңбек қауіпсіздігіне назар аудардық.

Денсаулық • 05 Наурыз, 2025

Елемеген дерт жаман

Жатыр мойнының обыры әйелдер­де жиі кездесетін қатерлі ісік­тер­дің ішінде сүт безі ісігінен кейін екінші орында. Зерттеулер көрсеткендей, бұрын аурудың осы түрі егде жастағы әйелдерден анықталса, қазір 50-ге толмағандар арасында кездеседі.

Қоғам • 04 Наурыз, 2025

Тұрғын үй заңының оңтайлы тетігі

Мемлекет басшысының тапсырмасымен тұрғын үй саясатына бірқатар өзгеріс енгізілді. Елдегі әрбір отбасының әлеуметтік хал-ахуалын ескере отырып ұсынылған Тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң биыл 24 мамырда күшіне енеді.

Қоғам • 04 Наурыз, 2025

Мұқтаж жандарға елеулі көмек

Биыл Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы мүгедектігі бар адам­дарға көрсетілетін қызметтер көлемін ұлғайтты.

Мәселе • 27 Ақпан, 2025

Адам саудасының құрбандары қолдауға зәру

Былтыр елде адам саудасының құрбаны болған 247 адам арнау­лы әлеуметтік қызметтермен қамтылған, оның ішінде 114 адам – шетел азаматы. Олардың 32-сі жұмысқа орналасқан, оның 4-еуі шетел азаматы.

Медицина • 26 Ақпан, 2025

МӘМС қаражаты қайда жұмсалады?

«МӘМС қаржысы қайда кетіп жатыр?», «Жыл бойы емханаға бармасақ, аударған жарнаның басын қосып, қайтарып алуға бола ма?». Кейінгі кезеңде қоғамда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты осы екі сауал жиі қойылады. «Сақтандырылған» мәртебесі бола тұра, жеке емханаларға қаралатындар бар. Сол тұрғыда тіркелген емханадан тиісті ем-шара алмаған тұрғындардың сын-пікірі де орынсыз емес.