Заң мен Тәртіп • Кеше
Нашақорлықтың алдын алудағы маңызды қадам
Нашақорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу жөніндегі кешенді жоспарын орындау шеңберінде «Астана – есірткісіз қала» акциясы өтті.
Қоғам • Кеше
Астана спортшылары акцияға қатысты
Күні кеше дуы басым додаларда Астана қаласының намысын қорғап жүрген спортшылар бас қосып, қала тазалығын сақтайтын мекеме қызметкерлеріне қолғабыс етті. Спортшылар коммуналдық қызметке жауапты жұмысшыларға ыстық шай ұсынып, алғыс айтып, емен-жарқын әңгімелесіп үлгерді.
Мәселе • 19 Желтоқсан, 2024
Бірыңғай уақыт белдеуінің қолайлы тұсы
Бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты көпшіліктің пікірі әрқилы. Тақырыпты зерттеп-зерделеген ғалымдар қазіргі бірыңғай уақыт белдеуінің денсаулыққа кері әсері жоғына дәлел-дәйек келтірсе, кейбір өңірдің тұрғындары кештің ерте бататынына алаңдайды.
Туризм • 19 Желтоқсан, 2024
Тарихи орындар – саяхаттың тартымды бағыты
Ақмола өңірінің туризмге қолайлы аудандары көп. Оған елді мекендерді дамытуға жауапты министрлік, жергілікті әкімдікпен қоса тұрғындар да мүдделі. Себебі туризм дамыса, жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық ахуалы арта түсетінін жұрт жақсы біледі. Тек табиғаттың үйіп-төгіп берген байлығын бағалап, қызғыштай қорып, қадірлеп, тиімді пайдалана білу керек.
Сараптама • 10 Желтоқсан, 2024
«Mercer CFA Institute Global Pension Index» зейнетақы индексінде еліміздің зейнетақы жүйесі 24-орыннан көрінді. Зейнетақы жүйелерін кешенді зерттейтін халықаралық рейтингке биыл әлемнің 48 елі кірген.
Денсаулық • 10 Желтоқсан, 2024
Жастар денсаулығын сақтаудың бір тетігі
Жастарды репродуктивті денсаулық туралы хабармен ақпараттандырып жүрген «Жастар денсаулығын сақтау – «Saulyq.life» қозғалысының белсенділері жыл бойы атқарған жұмысын республикалық форумда түйіндеді.
Медицина • 10 Желтоқсан, 2024
МӘМС-тің медициналық ұйымдарға қояр талабы
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры келер жылға арналған медициналық көмекті сатып алу рәсімдерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер туралы хабарлады.
Медицина • 10 Желтоқсан, 2024
Мәйіттік донорлықты дамытуға не кедергі
Елде трансплантация бойынша «күту парағында» тұрған науқастар көп болғанымен, мәйіттік ағза донорлығын жаңа деңгейге көтеру мүмкін болмай тұр. Біз мұны Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталыққа барып, мамандармен пікірлескенде анық аңғардық.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2024
Жыл басынан қарашаға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылар саны 256,6 мың адамды құраған. Бұл ретте биыл 212,9 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалғанын айта кеткен жөн. Төлемдердің жалпы сомасы 70,6 млрд теңгеге жеткен.
Сұхбат • 03 Желтоқсан, 2024
Қайырымдылық қағидаттары: «Шалғай елді мекендерде спорт залын ашып жатырмыз»
Кейінгі жылдары бұқаралық спортты дамытуға мемлекет көп көңіл бөліп отыр. Жеткіншектерді спортқа тарту мақсатында құрылған «Батыр боламын» қоғамдық қоры мемлекет басымдық беріп отырған бағытта жұмыс істеп келеді. Бірнеше жылда еліміздің әр аймағында жүздеген спорт залын, кешенін ашып үлгерді. Жуырда қоғамдық қор құрылтайшысы Ернұр Сәбікенұлымен әңгімелесудің сәті түскен еді.