Инфографика • 23 Сәуір, 2024
Қоғам сұранысына қарай денсаулық сақтау саласына қатысты заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Себебі пациенттердің, медицина мамандарының игілігі үшін қабылданатын жаңа стандарттар мен ереже-талаптар арқылы саладағы жұмысты біршама ширатуға болады. Мысалы, бірер күн бұрын ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде вейптерді сатуға, тасымалдауға тыйым салатын заңға қол қойып, көптің көңілін күпті еткен мәселеге нүкте қойды.
Университет • 19 Сәуір, 2024
Саланы ілгерілететін стартап жобалар
Maqsut Narikbayev University басшылығы студенттердің білім-білігін, кәсіби дағдыларын жетілдірумен қатар жаңашыл студенттердің озық идеяларын қолдайды.
Форум • 19 Сәуір, 2024
Жақында Астана медицина университетінде жас ғалымдардың халықаралық форумы өтті. Жастар арасында ғылымды дәріптеуге ықпал ететін іс-шара «Радиологиядағы әйелдер денсаулығы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясымен түйінделді.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2024
Тасқын су сейіле қоймаған өңірлерде апаттық-құтқару жұмыстары үздіксіз жалғасып келеді.
Су тасқыны • 19 Сәуір, 2024
Геодезистер – тасқын аймағында
Су астында қалған өңірлерге геодезистер де қолдан келгенше жәрдем көрсетіп жатыр.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2024
Көкшетауда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға пәтер кілті тапсырылды. Салтанатты іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысып, мемлекет залалды азайтуға қолдан келетін барлық жағдайды жасап жатқанын атап өтті.
Су тасқыны • 17 Сәуір, 2024
Көктемде жауын-шашын төпелеп, сай-сала суға толатыны белгілі. Синоптиктер күзгі ылғалды, қыстағы қалың қарды есептеп, ауа райының алдыңғы жылдарға қарағанда құбылмалы болатынын ескертті. Ескертуді басшылыққа алып, алдын алу іс-шараларына ерте бастан кіріскендер қиындықты мейлінше жеңіл еңсерсе, тасқынға қамданбаған өңірлердің санаулы күнде қызыл судың жолын бөгей алмайтыны түсінікті еді. Содан сай-саланы жағалай зулаған су арналарды толтырып, ауылға беттеген.
Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Мейірімді жандарға құрмет көрсетті
Қоғамда қажырлы еңбекпен шектелмей, жақсылық жасауға асығатын атымтай жомарт азаматтар көп. Сан саладағы ел ардақтыларын тоғыстыратын «Мейірімділік керуені» байқауы ісімен үлгі болған талай мықтыны танытты. Астанада алтыншы жыл қатарынан ұйымдастырылған байқауда ізгілікті ту еткен батыл, қамқор, қайырымды жандар марапатталды.
Денсаулық • 15 Сәуір, 2024
Су тасқынының салдарынан төтенше жағдай режімі енгізілген өңірлерде құтқарушылармен қатар медицина қызметкерлері де тұрғындарға алғашқы көмек көрсетуге асығады. Медициналық ұйымдар күшейтілген режімде жұмыс істеп, қосымша дәрігер, жедел медициналық жәрдем бригадалары тартылған.
Су тасқыны • 15 Сәуір, 2024
Салдары сабақ болар су тасқыны
Күн райына байланысты елдің кейбір аумағында ағыны қатты өзендер арнасынан асып, көлдер, су қоймалары әдеттегіден ерте тола бастады. Жауын-шашын мөлшеріне, тасқынның алдын алу іс-шараларына қарай бірнеше өңірде жағдай тұрақталғанымен, әлі де болса қауіп сейілмеген өңірлер бар.