Еңбек • 01 Қараша, 2025

Мұғалімдерге сұраныс жоғары

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кейінгі кезде жұмыс берушілер Enbek.kz платформасына 240 мыңға жуық бос жұмыс орнын жарияласа, жұмыс іздеушілер 138,5 мың түйіндеме қалдырған. Әдеттегідей, жұмыс іздеушілерден жұмыс берушілердің үлес салмағы басым.

Мұғалімдерге сұраныс жоғары

Сурет: newsroom.kz

Электрондық еңбек биржасындағы бос орындар саны 128,9%-ға артып, түйіндемелер керісінше 6,3%-ға азайған. Оқу жылының басында сұраныс­тың басым бөлігі мұғалімдерге тиесілі болды. Нақтырақ айтсақ, білім саласында 120,7 мың жұмыс ұсынылған, оның дені Астана, Алматы қалаларында. Сонымен қатар ақпарат және байланыс (17,4 мың), қызмет көрсетудің басқа да салаларына (17,1 мың), өңдеу өнеркәсі­біне (15 мың) сұраныс жоғары. Осы төрт сала кейінгі кездегі жалпы сұраныстың 70%-дан астамын құраған.

Жұмыс берушілердің дені жоғары білікті мамандар іздейді. Мұндай мамандардың үштен екісі (81,6 мың) –  білім беру, тәрбие саласындағы мамандар. Орта білікті маман­дарға сұраныс – 31% (75,2 мың), біліктілігі жоқ жұмысшыларға сұраныс – 17% (40,4 мың). Бос жұмыс орындарының өсімі жөнінен Алматы облысы көш басында. Одан кейінгі орындарда – Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жетісу облыстары. Жалпы, түйіндеме санының аздап төмендегеніне қарамастан, көптеген өңірде жұмыс іздеушілердің белсенділігі артқан. Бұл ретте Алматы облысы мен қаласы көш басында, үштікті Түркістан облысы түйіндейді.

Нақты кәсіптерге қатысты айтар бол­сақ, ең көп сұранысқа ие мамандықтар – PR-менеджерлер (16,3 мың бос орын), математика пәнінің мұғалімдері (7,6 мың), тәрбиешілер (6,1 мың). Орта білікті мамандар арасында тәрбиеші көмекшілері (4,4 мың), күзетшілер (2,7 мың), автокөлік жүргізушілері (2,6 мың) сұранысқа ие. Жұмысына ең жоғары жалақы сұрағандар – техникалық директорлар (орташа 1,2 млн теңге), ұшқыштар (1,2 млн теңге), коммерциялық директорлар (1,1 млн теңге). Жұмыс берушілер ұсынған ең жоғары жалақы – кен өндіру саласындағы цех басшысы (шамамен 843,8 мың теңге), энергиямен жабдықтау қызметі басшысының орынбасары (733 мың теңге), IT саласындағы бағдарламалар бас редакторы (718 мың теңге) лауазымдары.

Жалпы, кейінгі кездері жоғары білікті жұмыс күшіне деген сұраныстың өскені байқалады. Бұл өсім білім саласындағы маусым­дық факторлармен, атап айтқанда, мұғалім, тәрбиеші, олардың көмекшілеріне сұраныс көбейгенімен байланысты болып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50