Аймақтар • Бүгін, 08:25

Ұлытауда заманауи лагерь салынады

3 мин
оқу үшін

Биыл Ұлытау облысында жаз мезгілінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында өңірдегі жеткіншектердің 35 679-ы (89,7%-ы) демалысқа жіберіледі.

Ұлытауда заманауи лагерь салынады

Айталық, облыс­тық Білім басқар­ма­­­сы­ның мәлі­ме­тін­­­ше, мектеп жа­нын­дағы са­уық­тыру лагеріне – 5 115, мектеп жанындағы бейіндік лагерьге (5–10 сынып) – 30 055, еңбекпен қамту бағытына – 13 643, «Жасыл ел» жобасына – 10 191, шығармашылық үйірмелерге – 7 069, туристік бағытқа – 3 679 және зияткерлік бағытқа 2 407 бала қамтылады деп жоспарланған.

Сондай-ақ жазғы демалыс уақытында қала сыртындағы лагерьлер де жұмыс істейді. Мәселен, жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік санаттағы 470 бала өзге өңірлердегі қала сыртындағы лагерьге барады. Бұл мақсатқа 83 млн 760 мың теңге бөлінген. Бүгін­де еліміздегі Балқаш, Щучинск, Қонаев қала­ларындағы «Бал­дәурен» рес­пуб­ликалық оқу-сауықтыру орталығында түрлі жетістіктері бар 330 жеткіншек демалып келді. Алдағы уақытта осы орталыққа 542 оқушы жібе­ріледі. Сонымен қатар «Қазақ­мыс» корпорациясы», «Өркен-Атасу», «Казцинк», «Құм­көл Петро­леум» компаниялары сияқ­ты ірі кә­сіп­орын­дар­дың демеу­ші­лі­гі­мен 1 500 бала (өткен жылы – 1 185) қала сыр­тын­дағы лагерьлерде тегін демалады.

Облыстық Білім басқарма­сы бас­шы­сының орынбасары Маратбек Жақыпбекұлы­ның айтуынша, каникул кезін­де оқушы­лар­дың бос уақы­тын тиімді  өткізу  мақсатында тәрбие жұмысы тоқтамайды. «Біріншіден, балаларды мектеп жанындағы және үйірмелік лагерьлермен барынша (шамамен 90%-ын) қамтып отырмыз. Екіншіден, биыл біз жоғары сынып (8–10 сынып) оқушылары­на арналған арнайы кәсіби бағ­дар беретін бейінді лагерьді дамыттық. Бұл жоба өңір­дегі бес жетекші колледж база­сын­да өтеді. Мұндағы іс-шаралар гуманитарлық, меди­ци­налық, инженерлік және IT ба­ғыттары бойынша ұйым­дас­тырыла­ды. Оған 250 оқушы тар­тыл­ды», дейді Білім басқармасы бас­шы­сының орынбасары.

Сонымен бірге Білім бас­қар­масы қауіпсіздік ша­ра­ла­рына ерекше мән беріп отыр. Маусым-тамыз ара­лығында По­лиция, Төтен­ше жағдайлар депар­таменттерімен бірлесіп, су ай­дындары маңында рейдтік жұмыс күшеймек. Алдағы тамыз айында қосымша білім беру аясында жазғы мектеп, олимпиада резервтері және балғындар мектебі өз жұ­мы­сын бастайды. Сондай-ақ  қо­­сымша білім ұйым­дары базасында дебат, IT, эко­номикалық сауаттылық, эко­дүниетаным бағытын қамти­тын «BalaLAND» күндізгі лагерьлер жұмыс істейді.

Айта кетейік, биыл Жезқаз­ған қала­сында жыл бойы жұ­мыс істей­тін 400 орындық зама­на­уи лагерьдің құрылысы жос­пар­ланып отыр. Бүгінде нысан салынатын жер учаскесі толық рәсімделген.

 

Ұлытау облысы 

Соңғы жаңалықтар