Сәндібек АСАНӘЛІ
Сәндібек АСАНӘЛІ«Egemen Qazaqstan»
222 материал табылды

Қоғам • 28 Қараша, 2023

Жаппай су үнемдеудің маңызы

Сарапшылар дамушы елдерде урбанизация үдерісі жоғары болатынын айтады. Қала халқының саны өскен сайын, суға жауапты мекемелерге салмақ түседі. Мұны үйлестіруге келгенде ұзақмерзімді жобалар қажет-ақ. Судың жайына Үкімет, өңір басшыларымен қоса шаруалар да алаңдаулы. Кейбір өңірлер «кеңесіп пішкен тон келте болмас» деп суды аз қажет ететін өнімдерді өсіруге ыңғайлана бастады. Құптарлық іс, су аз келетін мезгілде жоқтан бар жасаймын деп босқа шығындалудың қажеті қанша?!

Елорда • 26 Қараша, 2023

Мұражай күлгін түспен жарықтандырылды

Дүниежүзілік шала туған нәрестелер күні қарсаңында сәбилер мен олардың ата-аналарын қолдау үшін Астананың сәулеттік көрікті орындарының бірі Болашақ энергиясы мұражайының қасбеті күлгін түспен жарықтандырылды. Науқанды «АстраЗенека» халықаралық биофармацевтикалық компаниясы қолдаған.

Жоба • 24 Қараша, 2023

Статистика және цифрландыру

Ұлттық статистика бюросы «Demo day» іс-шарасын өткізіп, цифрлық трансформацияның нәтижелерін таныстырды. Бюро жоспарлаған Цифрлық трансформация портфелі 71 жобадан тұрады. Бұл межелі міндеттің 23-і биыл орындалса, басқа жобалар 2026 жылға дейін толық іске асады екен.

Медицина • 20 Қараша, 2023

Ультрадыбыстық диагностиканы оқытатын орталық

Астана медицина университетінде елдегі алғашқы GE HealthCare Academy оқу орталығы ашылды. Мүмкіндігі мол орталық дәрігерлердің білім-білігін арттыруға, соның есесіне қызмет көрсету сапасын арттыруға септеседі.

Саясат • 20 Қараша, 2023

Экономиканың тұрақты дамуына апарар жол

Астанада Жаһандық инвестициялар жөнінде дөңгелек үстел (Kazakhstan Global Investment Roundtable) өтті. Еліміздегі инвестициялық жобалар жайы қаузалған басқосуға өнеркәсіп басшылары, инвесторлар, қаржы секторының өкілдері, саясаткерлер мен белді сарапшылар шақырылды. Ұлыбритания, Вьетнам, Германия, Канада, Қатар, Қытай, БАӘ, Сауд Арабиясы, АҚШ, Түркия, Франция, Чехия және басқа да бірқа­тар елден қонақтар келді. Басқосуда әр саланың жетек­шілері еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерін, логистика­лық қызметтердің жаңа спектрін, заманауи тұрақты өндірісті, экспорттық әлеуетті кеңейту жайын, озық технологияларға инвестиция тартуға қатысты мәселелерді талқылады. VI Жаһан­дық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстелге Қазақстанның Премьер-министрі Әлихан Смайылов та қатысты.

Мәселе • 19 Қараша, 2023

Жасөспірімдерді вейптен қалай арашалаймыз?

Қоғамда «вейп» деп аталып кеткен электронды темекіні сатуға тыйым салу туралы ұсыныс әлі күнге дейін басы ашық күйінде қалып отыр. Қаптамасы көз тартатын, хош иісі бар құралдарға жастармен қоса жасөспірімдер де құмар. Қиыны, электронды темекілердің саудасына қатысты талаптар күшейтілгенімен, мектеп оқушылары вейпті әлі күнге дейін оңай сатып алады.

Медицина • 14 Қараша, 2023

Тәжірибе шыңдайтын алаң

Астанада Денсаулық сақтау министр­лі­гінің қолда­уымен «Қазақстанның рес­пи­­­ра­торлық медицинасы: көз­қа­рас­тар­­­­­­мен шешімдердің эволюциясы» атты II Ұлт­­тық респираторлық медицина конгресі өтті. Онда респираторлық медицинаны дамыту келешегі талқыланды.

Медицина • 13 Қараша, 2023

PhD дәрежелі медбикелер даярланады

Келер жылдан бастап елі­міздің еңселі медициналық университеттері өз тарихында алғаш рет медбике ғылымы бойынша PhD даяр­­лайды. Бұл жаңа­шыл­­дық – магистратура деңгейіндегі білімді ны­ғай­туға және «медбике ісі» ғылымы бойынша докторантура бағдарламасын құруға бағытталған AccelEd жобасын іске асыру арқылы жүзеге асады.

Инновация • 13 Қараша, 2023

Инновациялық емдеу әдістері

Жуырда Денсаулық сақтау министрлігі мен «Johnson & Johnson» компаниясы өзара түсіністік пен ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Бұл туралы «Джонсон & Джонсон» компаниясының Ресейдегі және ТМД елдеріндегі фармацевтикалық бөлімшесі, «Янссен» директоры Катерина Погодина хабарлады.

Денсаулық • 13 Қараша, 2023

Қант диабетіне шалдыққандарға көмек

Елімізде бірінші және екінші типтегі қант диабетімен ауыратын 400 мыңнан аса пациент болса, осы қатарға жыл сайын 18 мыңнан 30 мыңға дейін науқас қосылады екен. Қант диабетіне шалдыққандар тек елде ғана емес әлемде көбейіп барады. Бетін аулақ, кейбір деректерде 2045 жылға қарай әлемде 783 млн пациенттен осы кесел анықталады деген болжам бар. Қант диабетімен күрес күні қарсаңында өткен баспасөз мәслихатында тақырыпқа қатысты көптеген мағлұматқа қанықтық.