Мирас • Бүгін, 09:25
Асылтұқымды малдың пайдасы мол
Қазір ауыл шаруашылығын дамытуға, төрт түлікті асылдандыруға, санын көбейтуге үкіметтен қолдау бар. Осы мүмкіндікті еліміздің әр аймағындағы малсақ қауым тиімді пайдаланып, сүтті, етті малдың небір түрін өсіретін болған. Шетелден келетін тұқымдар көбейгенде елде бұрыннан бар малдың түрі азаятыны түсінікті. Осындай өзгерістерге қарамастан, малдың бабын білетіндер мүйізді ірі қараның ішінде қоңдысы саналатын қазақтың ақбас сиырын ерекше бағалайды.
Қоғам • Кеше
Ауыл шаруашылығы алға сүйреген аймақ
Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы экономиканың негізгі бағыты саналады. Агроөнеркәсіп кешені жалпы өңірлік өнімнің төрттен бір бөлігін құрайды. Биыл жалпы өнім көлемі 878,3 млрд теңгеге жетті. Осы нәтиженің арқасында өңір агроөнеркәсіп саласындағы көшбасшылардың үштігіне кіріп, азық-түлік қауіпсіздігіне салмақты үлес қосып отыр.
Экономика • 04 Желтоқсан, 2025
Өңірдің өндірістік әлеуеті артып келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен үш жыл бұрын Ұлытау облысы құрылған еді. Бұл – өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын тіктеп, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталған қадам болды. Осы кезеңде өңірді дамытуға, инфрақұрылым тартуға көп көңіл бөлінді.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Жұмыс орнын ашу жоспарға сай ма?
Қоғамда жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы келіспеушілік, кереғарлық – жиі айтылып, жазылып жүрген тақырып. Ескеріле бермейтіні – қала мен ауданда жұмыс орындарын ашу жоспары қаншалықты орындалатыны. Мақаланың баяны әкім есептерінде айтылатын «бәлен ауданда ашылған түген жұмыс орны» туралы болмақ.
Елорда • 03 Желтоқсан, 2025
Елордада саябақ ашып, аулаларды абаттандыруға көп көңіл бөлінеді. Халықтың жайлы, қауіпсіз әрі таза ортада өмір сүруіне қажетінше жағдай жасалады. Қаланың ажарын ашатын осындай бір ізгі іске Nazarbayev University (NU) бастамашы болып отыр.
Қоғам • 27 Қараша, 2025
Есірткіге еліткендерді емдейтін орталық
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында есірткіге тәуелділердің емдеу-сауықтыру шараларымен жеткілікті деңгейде қамтылмай отырғанына назар аударған еді. «Кез келген есірткі түрінің өндірісі мен сатылымына қатаң тыйым салынып, мемлекеттің жіті бақылауында болуы керек», деді Президент.
Қоғам • 26 Қараша, 2025
Биыл Астанада күз мезгілі әдеттегіден жылы болып тұр. Алғашқы қар кеш түсті, дедектетіп, дегбіріңді қашыратын аязды күндер де бастала қоймады. Бір қызығы, қарашада түскен қар 10 күн тоқтамай, бір айлық нормадан асатын жауын-шашынды үйіп-төгіп бере салды. Қолайсыз ауа райына қарамастан қаланың тазалығына жауапты жұмысшылар күшейтілген режімге ауысып, түнгі уақытта да тыным таппай еңбек етті.
Сұхбат • 25 Қараша, 2025
Жұлдыз Данбаева: Шетелден шипа іздейтіндер ел медицинасының әлеуетін ескермейді
Астана қаласы әкімдігінің №3 көпбейінді қалалық ауруханасы ресми құрылған уақыт Covid-19 пандемиясымен тұспа-тұс келген еді. Бұл жылдан-жылға кеңейіп, халқының саны көбейіп жатқан елорда медицинасындағы елеулі жаңалық болды. Ауруханаға сол қиын кезеңдерден қазірге дейін медицина ғылымдарының докторы, профессор Жұлдыз Данбаева жетекшілік етеді. Жоғары санатты дәрігер жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағын алды. Денсаулық сақтау саласының білгір маманымен сұхбаттасудың сәті түсті.
Қоғам • 22 Қараша, 2025
Вирустық инфекциядан барынша абай болыңыз!
Биыл елімізде эпидемиялық маусым әдеттегіден ертерек басталды. Былтыр алғашқы жағдайлар қарашада анықталса, биыл қазан айының басында тіркелді. Нақ қазір елде тұмаудың 590 жағдайы зертханалық тұрғыдан расталған. Сондай-ақ А типті тұмаудың 587 жағдайы тіркеліпті. Сосын, көпшілік талқылап, «Гонконг» деп атап жүрген тұмаудың түрі де вирустың жаңа штамы емес.
Қоғам • 21 Қараша, 2025
Технология көрмесіндегі тың ізденістер
Көлік министрлігінің қолдауымен елордада «Kaztraffic-2025» XXI халықаралық көрмесі өтіп жатыр. Онда өндірушілер жол саласындағы ең озық технологиялармен таныстырды.