Саясат • Бүгін, 08:12

Серіктестік мақсат, сенімді байланыс

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Аралды құтқару халықаралық қорының (АҚХҚ) басқарма отырысы өтті.

Серіктестік мақсат, сенімді байланыс

Отырысқа Тәжікстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Сулай­мон Зиезода, Түрікменстан Министр­лер кабинеті төрағасының орынбасары Тангры­гулы Атахаллыев, Өзбекстан Республикасы Прези­дентінің кеңесшісі Шухрат Ганиев, Қазақстан Республикасы  Су ре­сурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов және АҚХҚ атқару ко­ми­тетінің төрағасы Асхат Оразбай қатысты.

Қырғыз Республикасы отырысқа бақы­лаушы ел ретінде қатысты. Делегацияны Су ресурс­тары қызметінің директоры, министр­дің орынбасары Алмаз Жээналиев басқарды.

Аталған отырыстың маңызы ерекше. Ол Қазақстан Республикасының АҚХҚ төрағалығының қорытынды кезеңінде өтіп отыр және Қорды құрған мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына дайындықтың негізгі кезеңі болып саналады.

«Елдеріміздің бірлескен жұмысы мен мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында трансшекаралық су ресурстарын басқару және Арал теңізі бассейніндегі жағдайды жақсартуға бағыт­талған өңірлік бастамаларды ілгерілету бо­йынша тұрақты өзара іс-қимыл жүйесін сақтап қала алдық. Өткен кезеңде Қордың жүйе­лі жұмысын қамтамасыз етіп, сындарлы диа­логті сақтауға және бірқатар маңызды бас­та­маны ілгерілетуге қол жеткіздік. Бүгін­гі кездесу алдағы уақытта мемлекет бас­шы­ларының қарауына ұсынылатын негізгі мәселелер бойынша келісілген тәсілдерге келуге мүмкіндік береді деп сенемін», - деді Қ.Бозымбаев iс-шараны ашу барысында. 

Отырыс қорытындысы бойынша бес бірлескен шешімге қол қойылды. Атап айт­қанда, 2026 жылғы 22 сәуірде Астанада өте­тін Қорды құрушы мемлекеттер басшы­лары кеңесінің алдағы отырысына дайындық, есепті кезеңдегі АҚХҚ Атқару комитетінің қорытынды жұмысы, сондай-ақ Қордың ұйым­дастырушылық құрылымы мен шарт­тық-құқықтық базасын жетілдіру мәселе­лері бойынша шешімдер қабылданды.

Сонымен қатар АҚХҚ Атқару комитеті мен халықаралық даму серіктестерінің бірлес­кен бағдарламаларды жүзеге асыру­дағы қызметін үйлестіру тәртібін реттейтін құжат және Қор басқармасының келесі оты­ры­сының күн тәртібі бекітілді.

Бұдан бөлек, Сырдария өзені бассейнінде су ресурстарын есепке алу, мониторинг жүр­гізу, басқару және бөлудің бірыңғай авто­мат­­тандырылған жүйесін енгізу жөніндегі жұ­мыс жоспарының жобасын әзірлеу, сон­дай-ақ 2026–2036 жылдарды «Орталық Азия­да су­ды ұтымды пайдалану бойынша прак­т­и­ка­лық іс-қимылдар онжылдығы» деп жа­рия­лау мәселелері қаралып, назарға алынды.

Соңғы жаңалықтар

Тағы да тариф туралы

Мәселе • Бүгін, 08:55

Баспана салу бәсеңдеген жоқ

Құрылыс • Бүгін, 08:48

Адам құқын қорғау әлеуеті

Құқық • Бүгін, 08:38

Заманымыздың заңғар тұлғасы

Руханият • Бүгін, 08:35

Қайтқан қаржы әділ бөлінеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:33