Денсаулық • 15 Сәуір, 2024
Су тасқынының салдарынан төтенше жағдай режімі енгізілген өңірлерде құтқарушылармен қатар медицина қызметкерлері де тұрғындарға алғашқы көмек көрсетуге асығады. Медициналық ұйымдар күшейтілген режімде жұмыс істеп, қосымша дәрігер, жедел медициналық жәрдем бригадалары тартылған.
Су тасқыны • 15 Сәуір, 2024
Салдары сабақ болар су тасқыны
Күн райына байланысты елдің кейбір аумағында ағыны қатты өзендер арнасынан асып, көлдер, су қоймалары әдеттегіден ерте тола бастады. Жауын-шашын мөлшеріне, тасқынның алдын алу іс-шараларына қарай бірнеше өңірде жағдай тұрақталғанымен, әлі де болса қауіп сейілмеген өңірлер бар.
Су тасқыны • 11 Сәуір, 2024
Еліміздің кейбір аймағында тұрғындар тасқынмен алысып, қауіпсіз аймаққа көшірілсе, су басу қаупі сейілген өңірлер шығындарды есептеп, етек-жеңін жыя бастады. Қолайсыз ауа райының салдарынан ушыққан жағдайды әлі де болса қалыпты деп айтуға келмей тұр.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2024
Әдетте көктемгі жауын-шашыннан толып, қор жинап қалатын кейбір өзен-көлдер, су қоймалары осы жолы кемеріне келіп, арнасынан асты. Тоң жібіген соң, қатпар-қатпар қар еріп, қыр көрсетті. Су астында қалған ауыл-аймақта төтенше жағдай жарияланды. Жағдай – су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың назарында.
Медицина • 03 Сәуір, 2024
Саладағы кемшіліктер: себебі мен салдары
Денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді реттеуге келгенде дәрігерлермен қатар тұрғындардың да ұсыныс-пікірін ескерген жөн. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанадағы №10 қалалық емханаға барғанда да дәрігер мен пациенттерінің өтінішін басшылыққа алды.
Еңбек • 02 Сәуір, 2024
Жақында Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында адал еңбек жөнінде маңызды дүниелер айтылды. Байқасақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адал еңбек, адал азамат идеясын алдыңғы құрылтайда, Жолдауда бірнеше рет қаузады. Кешегі Әділетті Қазақстан идеясынан да заң, тәртіп үстемдік құрған әділетті қоғам қалыптастыру ұстанымын байқаймыз. Осының ізімен барлық салада әділ бәсекелестік орнаса, нағыз білікті, тәжірибесі толысқан мамандар төрге шықса, еншісі келер ұрпаққа тиеді.
Төтенше жағдай • 01 Сәуір, 2024
Болжамға бейқам қарауға болмайды
«Қазгидромет» мемлекеттік кәсіпорнының мамандары күздегі ахуалды саралай келе, бірнеше өңірді су басуы мүмкін екенін былтыр желтоқсаннан бері бірнеше мәрте ескерткен. Мемлекеттік мекемелерге хабарлаған. Демек қолда бар болжамға қарамастан жауаптылар жағдайды бақылаудан шығарып отыр.
Қоғам • 22 Наурыз, 2024
Ертеде қыстан дін-аман шыққан ел-жұрт, көрші-қолаң Наурызда бас қосып, амандық, саулық сұрасатын. Көктемнің шапағатын сезініп, қуанысып қауышатын көпшіл қауымның арасында араздасқандар ұшыраса қалса табысатын.
Саясат • 21 Наурыз, 2024
Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің өкілдері Денсаулық сақтау министрлерінің жетінші кеңесінде бас қосты. Астанада өткен кездесуге Үндістан, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстанның денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарының басшылары келді. Күн тәртібіне сәйкес, саладағы өзекті мәселелердің шешімі қаралып, тараптар ынтымақтастықты нығайтатын екіжақты келісімге қол қойды.
Дәстүр • 17 Наурыз, 2024
Әз Наурыздың бастауына айналған Көрісу күнінен кейін өңір-өңірлерде ел-жұрт көктем мерекесін тойлауға кірісіп кетті. Оның үстіне әр күнді әспеттеп, атау бекітіп, ынтымаққа, бірлікке шақыратын іс-шаралар өткізу Наурыздың негізгі атрибуттарын айшықтай түскені анық.