
Жұмысшы мамандықтар жылы • 07 Наурыз, 2025
Арқалағаны – алғыс, еңбегі – ерен
Ми қайнатар ыстыққа, сүйегіңнен өтетін сарышұнақ аязға қарамай, тынбай еңбектеніп жататын құрылысшыға қандай құрмет көрсетсең де жарасады. Арқалағаны – алғыс, еңбегі ерен бұл мамандардың жұмыссыз қалған кезі жоқ-ау, сірә. Өйткені құрылыс тоқтамайды. Тіпті алдағы бес жылда сантехник, құбыр жөндеуші, дәнекерлеуші, бригадир, сылақшы, құрылысшы-монтажшы, кран машинистері сынды мамандарға сұраныс арта түседі дейді мамандар. Редакция тапсырмасымен жақында Астанадағы қыз-қыз қайнаған құрылыс алаңдарының біріне бардық. Жұмыс барысымен танысып, кезінде құрылысшылардың әлеуметтік жағдайына, еңбек қауіпсіздігіне назар аудардық.
Денсаулық • 05 Наурыз, 2025
Жатыр мойнының обыры әйелдерде жиі кездесетін қатерлі ісіктердің ішінде сүт безі ісігінен кейін екінші орында. Зерттеулер көрсеткендей, бұрын аурудың осы түрі егде жастағы әйелдерден анықталса, қазір 50-ге толмағандар арасында кездеседі.
Қоғам • 04 Наурыз, 2025
Тұрғын үй заңының оңтайлы тетігі
Мемлекет басшысының тапсырмасымен тұрғын үй саясатына бірқатар өзгеріс енгізілді. Елдегі әрбір отбасының әлеуметтік хал-ахуалын ескере отырып ұсынылған Тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң биыл 24 мамырда күшіне енеді.
Қоғам • 04 Наурыз, 2025
Биыл Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызметтер көлемін ұлғайтты.
Мәселе • 27 Ақпан, 2025
Адам саудасының құрбандары қолдауға зәру
Былтыр елде адам саудасының құрбаны болған 247 адам арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған, оның ішінде 114 адам – шетел азаматы. Олардың 32-сі жұмысқа орналасқан, оның 4-еуі шетел азаматы.
Медицина • 26 Ақпан, 2025
МӘМС қаражаты қайда жұмсалады?
«МӘМС қаржысы қайда кетіп жатыр?», «Жыл бойы емханаға бармасақ, аударған жарнаның басын қосып, қайтарып алуға бола ма?». Кейінгі кезеңде қоғамда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты осы екі сауал жиі қойылады. «Сақтандырылған» мәртебесі бола тұра, жеке емханаларға қаралатындар бар. Сол тұрғыда тіркелген емханадан тиісті ем-шара алмаған тұрғындардың сын-пікірі де орынсыз емес.
Қоғам • 22 Ақпан, 2025
Әлеуметтік төлемдер мөлшері артты
Жыл басынан бері мүгедектігі бар адамдарға, асыраушысынан айырылған отбасыларға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 53,2 млрд теңге жұмсалған. Осыған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу, асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 7,4 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер төленген.
Төтенше жағдай • 19 Ақпан, 2025
17 ақпанда кешкі сағат 16.50 шамасында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы «Жомарт» кенішінде қайғылы жағдай болды. Өкінішке қарай, 7 кенші үйінді астында қалып қойды.
Медицина • 15 Ақпан, 2025
Медициналық қызметтің күнгейі мен көлеңкесі
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) бойынша медициналық қызмет алатын тұрғындар бюджет есебінен қаржыландырылады, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қосылғандар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ай сайын жалақысынан жарна төлейді. Денсаулық сақтау саласына тиесілі қаражат еселеп ұлғайғанымен, МӘМС жүйесіне, қордың жұмысына қатысты түрлі пікірталас толастаған емес.
Денсаулық • 12 Ақпан, 2025
«Саламатты Қазақстан» пойызы өткен жылы өңір-өңірді аралап, ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетті. Мамыр айында жолға шыққан пойыз жыл аяғына дейін 17 облыстағы стационарлық медициналық пункті жоқ аудандарға қатынап үлгерді. Медицина мамандарынан құралған топ жұмысын су тасқынымен алысқан елдің батысындағы өлкелерден бастағаны да ұтымды шешім болды.