Медицина • Бүгін, 08:17

Медицина қызметінде кемшілік болмауға тиіс

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астанада Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Денсау­лық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Медицина қызметінде кемшілік болмауға тиіс

Сурет: facebook.com/MinzdravRK

Жиынға Денсаулық сақтау ми­нистрі Ақмарал Әлназарова, жер­гілікті атқарушы органдардың өкіл­дері, министрлікке қарас­ты ұйым­дардың басшылары, меди­циналық мекемелердің жетекшілері мен сала­лық сарапшылар қатысты.

Отырыста Премьер-министрдің орынбасары еліміздің жаңа тарихи кезеңге қадам басқанын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Консти­ту­ция­­ның қабылдануы сапалы әрі қол­же­тімді медициналық көмекке әрбір азаматтың құқығын бұлжымас мем­лекеттік кепілдік ретінде бекі­тіп, ден­саулық сақтау жүйесінің ор­нық­­ты институционалдық негізін қалыптастырады.

Сондай-ақ Аида Балаева дәрігер­лер мен орта буын медицина қызмет­керлерін әлеуметтік және кәсіби тұр­ғыдан қолдау мемлекеттік саясаттың тұрақты басымдықтарының бірі болып қала беретініне ерекше тоқталды.

Премьер-министрдің орынбасары денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау мәселесіне арнайы назар аударды. Ол Мемлекет басшысының қолданыстағы барлық ақ­параттық платформаларды бірік­ті­ре­тін Бірыңғай дерекқор құру жө­нін­дегі тапсырмасын сапалы әрі то­лық­­­қанды іске асырудың маңызын атап өтті.

Бұған қоса Аида Балаева бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде профилактикалық жұмыс­ты күшейту қажеттігіне баса назар аударды. Премьер-министрдің орын­басары БМСК жүйесін дамыту бойынша түбегейлі шаралар қабыл­дауды, профилактикалық тексе­ру­лердің тиімділігіне бақылауды кү­шейтуді, балалар денсаулығын дамы­туға арналған кешенді жоспар әзір­леуді тапсырды. Бұл жоспар гигие­на мен дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастырудан бастап, ауруларды ерте диагностикалауға дейінгі барлық бағыттарды қамтуға тиіс.

Отырыс барысында қоғамдық ден­саулық мәселелері де жеке қаралды. Атап айтқанда, зиянды өнімдер мен фастфудты жарнамалауды шектеу, сондай-ақ вакцинация бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі атап өтілді.

Ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелеріне тоқталған Аида Балаева әрбір ана өлімі дерегі бойынша жан-жақты сараптама жүргізіліп, лауазымды тұлғалардың жеке жауап­кершілігі нақты айқындалуға тиіс екеніне назар аудартты.

Үкімет басшысының орынбасары балалар денсаулығы мәселесі мемлекеттік саясаттың басым бағыты­на айналуы керектігін айтып, оны одан әрі дамытуға арналған кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды.

Алқа жиынында жан-жақты тал­­қыланған тақырыптың бірі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәсе­лесі болды. Аида Балаева өмірлік маңы­зы бар препараттардың емханалар мен ауруханаларға, әсіресе ауылдық және шалғай елді мекендерге, уақты­лы жеткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ дәріханалардағы баға қалыптастыру тетіктеріне тиімді бақылау орнату, үстемақылардың ашықтығын қамтамасыз ету мен дәрілік заттар құнының негізсіз өсуіне жол бермеу міндеті қойылды.

Жиын барысында Денсаулық сақтау министрінің есебі тыңдалды. Ақмарал Әлназарова 2026 жылға жүктелген міндеттерді іске асыруға бағытталған операциялық шаралар жоспарын таныстырды. 

Соңғы жаңалықтар

Экономикалық аймақ іске кірісті

Экономика • Бүгін, 08:55

Уайым

Қоғам • Бүгін, 08:50

Дананы сомдаған Хәкімжан

Мәдениет • Бүгін, 08:40

Жақұт тастың зергері

Өнер • Бүгін, 08:35