Денсаулық • Кеше

Бала дамуын ерте анықтауға арналған 30 бастама іске қосылды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы ресми іске қосылды. Осының аясында енді Денсаулық сақтау министрлігі 30 маңызды бастаманы іске асыруды жоспарлап отыр екен. Яғни, дамуында кедергі бар балаларды ерте анықтау және қолдау жүйесін дамыту көзделген, деп жазады Egemen.kz.

Бала дамуын ерте анықтауға арналған 30 бастама іске қосылды

Осы күндері Астана қаласының емханаларында ерте шақтағы балалармен жұмыс істейтін медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының 60 маманы үшін Бала дамуын мониторингтеудің халықаралық нұсқаулығы бойынша алғашқы тренинг басталды.

30 қаңтардан бастап әр балаға шамамен 130 доллар аударылады

Қатысушылардың арасында тәжірибелі дәрігерлер мен еліміздегі барлық медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары бар. Алда осындай тренингтер еліміздің барлық өңірлерінде өтіп, Бала дамуын мониторингтеудің халықаралық нұсқаулығы ұлттық деңгейде қолжетімді болады. Бұл жұмыстардың барлығы Үкімет биыл бекіткен «Сәтті Бастау» ерте даму және ерте араласу жөніндегі кешенді жоспар мен «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы  шеңберінде іске аса бастады.

Қазақстанда 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек шығарылады

Дамуында кедергі бар баланы ерте анықтау мен ерте араласу – бірінші кезек мүгедектіктің алдын алады. Осылайша, 6 жасқа дейінгі әрбір баланың (2,3 миллионнан астам бүлдіршін) өз әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береді. Көпжылдық зерттеулер негізінде әзірленген Бала дамуын мониторингтеудің халықаралық нұсқаулығы бүлдіршін дамуындағы қиындықтарды анықтаумен қатар, оның мықты тұстарына назар аударады, отбасыларды қолдауға бағытталған тиімді шешімдерді ұсынады.

Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады

Бүгінде ел бойынша медициналық-санитариялық  алғашқы көмек ұйымдарының жанынан 336 даму және ерте араласу орталығы ашылған. Бұл орталықтарда отбасылар жан-жақты қолдау табады. Өз кезегінде ата-аналар да кері байланыс арқылы орталықтардың жұмысын жетілдіруге атсалысып, балаларға көрсетілетін көмектің тиімділігін арттыруға үлес қосып келеді.

Соңғы жаңалықтар