Медицина • Кеше

Жатыр мойны обырын қалай алдын аламыз?

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ресми деректерді ақтарсақ, елімізде жыл сайын 1 800-ге жуық әйелге жатыр мойны обыры диагнозы қойылады екен. Өкініштісі, жыл сайын ауру меңдеген 600-ге жуық науқас келместің кемесіне мінеді, деп жазады Egemen.kz.

Жатыр мойны обырын қалай алдын аламыз?

Статистикаға зер салсақ, әйелдер арасындағы онкологиялық аурулардың құрылымында жатыр мойны обыры сүт безі обырынан кейін 2-ші қатарда. Қауіп көбіне 40 жастан асқан әйелдерде туындайды. Сондықтан дәрігерлер әйелдерді уақтылы скринингтен өтуге шақырады. Біздегі скринингтің ұлттық бағдарламасы ісік алды жағдайларды және аурудың ерте формаларын анықтауға бағытталған. Себебі ауру неғұрлым ерте сатыда анықталса, толық емдеуге мүмкіндік артады.

Әйелдер ерлерге қарағанда қатерлі ісікке жиі шалдығады

Клиникалық жағдайды мысал етсек, операциялық үстелде 50 жастағы әйел жатыр делік. Пациенттен жатыр мойнының преинвазивті обыры жоспарлы тексеру кезінде анықталған. Яғни, аурудың бар екені дер кезінде белгілі болған. Мұндай жағдайда Ұлттық ғылыми онкология орталығының дәрігерлер тобы лапароскопиялық әдіспен радикалды хирургиялық емдеу жүргізеді. Жатырды мойынмен, аналық бездермен және жатыр түтіктерімен алып тастайды.

10 мың отандасымыз донор болуға келісімін берген

Осы операция әйелдегі III дәрежелі семіздікке байланысты техникалық күрделі саналады. Алайда, аз инвазивті лапароскопиялық қолжетімділік асқыну қаупін азайтуға, араласуды қауіпсіз түрде жасауға, қалпына келтіруді айтарлықтай жылдамдатуға мүмкіндік береді.

Қант диабеті науқастарына не көмектеседі?

Осылайша, операцияны сәтті өткізуге болады. Қысқасы, тұрғындар уақтылы тексеруден өтіп тұрса, ауруды түбегейлі жеңуге мүмкіндік туды. Бірақ одан да тиімді жолы – профилактика. Яғни алдын алу шаралары. Ол – адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Жатыр мойны обырын жою жөніндегі жаһандық стратегиясының бөлігі саналады. Тәжірибе, яғни вакцинация әлемнің 148 елінде қолданылады. Ал бізде қыздарды иммундау 2024 жылдан бастап профилактикалық екпелердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар