• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Желтоқсан, 2022

ҰҚК заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру арнасының жолын кесті

420 рет
көрсетілді

2022 жылы шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлік субьектілеріне заңсыз жолмен 135 млрд теңге сомасындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ұзақ уақыт бойы көмектесіп келген адамдарға қатысты ауқымды қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Заңға қайшы іс-әрекетке 300 адам, 500-ге жуық жалған компаниялар мен 5 мың контрагенттер тартылған болып шықты. 5 желтоқсанда Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты осы іске қатысы бар 20 фигурантты ҚР ҚК 216-бабы 3-тармағы және 28-245-бабы 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, әр-түрлі жаза мерзімдеріне соттады», делінген хабарламада.

Осы қылмысты тергеудің тәжірибесі Қазақстан Республикасындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың алгоритмін жасап шығаруға мүмкіндік берді. Жалпы алғанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті қолданған шаралар оң әсер етіп, еліміздегі қаржыны заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру деңгейін төмендетуге жағдай жасады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.