• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Желтоқсан, 2022

Петропавл тұрғынынан контрафактілі алкоголь өнімдері тәркіленді

234 рет
көрсетілді

Петропавлда полицейлер жер үйдің ауласынан 1700 литрден астам контрафактілі алкоголь өнімдерін тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел ақпаратты тексеру барысында Петропавлдың жұмысшы кентінде контрафактілі өнімнің тағы бір қоймасын анықтады.

61 жастағы жергілікті тұрғынның қора-қопсысынан әртүрлі маркалы акцизденбеген 4 мың қорап темекімен бірге 1735 литр арақ пен коньяк, одан бөлек осы ішімдіктерді жасырын жасайтын спирт тәркіленді.

Алынған өнімнің үлгілері сараптамаға жіберілді. Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактісі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабы бойынша материал жиналды.

– Заңсыз өнім Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп жүргізген жұмысы нәтижесінде тәркіленді. Қазіргі уақытта тәркіленген өнімнің қайдан алынғаны және өткізу жолдары анықталуда. Сапасына ешкім кепілдік бермейтін заңсыз спирт өнімін пайдалану денсаулыққа қауіпті екендігін ескертеміз. Бұдан бөлек, спирттік ішімдіктер ауыр қылмыстардың жасалуына себеп болады, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.