• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Желтоқсан, 2022

Алматыда итін көлікке байлап алған жүргізушіге айыппұл салынды

400 рет
көрсетілді

Алматы полиция департаментінің қызметкерлері кептелісте итін көлікке байлап «жүргізген» көлік жүргізушісін тауып, айыппұл салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған факті бойынша 1988 жылы туған азамат 10 АЕК (30 630 теңге) көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атап айтқанда, жүргізушіге Қазақстан Республикасының жануарларды жауапкершілікпен ұстау, оның ішінде үй жануарларын ұстау және серуендету саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл салынды.

Желтоқсанның 8-і күні әлеуметтік желіде қала тұрғыны көлік көп жүретін көшеде (Рысқұлов даңғылы) үлкен итті көлікке байлап жүргені түсірілген видео тараған болатын.

Видеода ит иесінің жүріп келе жатқан көлігінің қасында жүріп, басқа көліктерге қолайсыздық тудырғанын көруге болады. Бұл ретте жолдағы кептеліске байланысты көліктердің қозғалысы қиындады.