Қазақстандықтар Жанель Рүстемова мен Аружан Сағындықова Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің алғашқы айналымында өзара кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.
18 жастағы Жанель негізгі додаға іріктеу сайыстарынан кейін жолдама алды. Жүлде қоры 15 мың АҚШ долларына бағаланған жарыста Рүстемова 17 жастағы командалас құрбысы Сағындықованы 6:3, 6:2 есебімен ұтты.
Жанель ширек финалға шығу үшін турнирдің 7-ракеткасы, франциялық Наийя Берекоэчэамен таласады.
Осы жарыста Рүстемова мен Сағындықова жұптық сында ширек финалға шықты. Олар ресейліктер Елизавета Машна – Елизавета Морозовамен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.