Соңғы жылдары Астанада 23,5 мыңға жуық әлеуметтік пәтер салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Астанада жастарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасы бар. Тұрғын үй сертификаттарының сомасы 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайды. Тұрғын үй бағдарламаларына қатысушылардың санаты кеңейтілді.
Соңғы жылдары Астанада 23,5 мыңға жуық әлеуметтік пәтер салынды. Мәселен 2018 жылы - 1100 әлеуметтік пәтер, 2019 жылы - 2900 әлеуметтік пәтер салынса, 2020-2022 жылдары 20,5 мың әлеуметтік пәтер салынды.
Бұдан бөлек, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау, қауіпті тұрғын үй кешендерін жөндеу, апатты күйдегі әрі тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу жұмыстары жүріп жатыр. Соңғы үш жылда апатты үйлерден 700-ге жуық отбасы қоныс аударды. Тағы 300-ден астам отбасыны көшіру жоспарланып отыр. Елорда Даму бағдарламасы басталғалы бері апатты үйлерден 4200 отбасы қоныс аударды.