• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Желтоқсан, 2022

Ташкент татамиіне көз тігеміз

288 рет
көрсетілді

Санаулы күндерден соң Өзбекстанның бас шаһары – Ташкентте каратэден ересектер арасындағы 18-ші, жастар мен кадеттердің 20-шы және паракаратэден алғашқы Азия чемпионатының жалауы желбірейді.

Ташкент татамиінде ел намысын қыздар құрамасынан былтырғы Токио Олимпиадасы мен әлем чемпионатының қола жүлдегері Софья Берульцева (+ 68 кило), халықаралық турнирлердің жеңімпазы Лаура Әліқұл (-68 кило), биылғы Ислам ойындарының жүл­дегері Әсел Қанай (61 кило), Әлем кубогінің иегері Әсемгүл Ердәулет (55 кило) және Диана Әлиманова (50 кило) қорғайды.

Ал ерлер арасындағы бәсекеде Азия чемпионы, Азия ойындары мен әлем бірін­шілігінің қола жүлдегері Данияр Юлдашев (84 кило), әлем чемпионатының қола жүл­дегері Нұрқанат Әжіқанов (75 кило), Сары құрлық додасының қола медаль иегері Игорь Чихмарев (84 кило), сондай-ақ Диас Ұлбек, Бейбарыс Жаңбыр, Нұрнияз Елдашов (+84 кило), Дидар Әмірәлі (67 кило), Қайсар Ал­пысбай (60 кило) және Низамиддин Қал­матов (55 кило) сынға түседі.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Азия біріншілігінде тек кумите бағдарламасында бақ сынайды. Ката сынында қазақстандықтар татамиге шықпайды.